Жапонияда жер қозғалғанда өздігінен көтеріліп кететін үйлер салынып жатыр

0

Жапонияны осыдан кейін қалай құрметтемейсің!?

Жапонияның инженер-архитекторлары сейсмикалық аймақтарда үй салудың жаңа моделдеріне көшті. Мұндай ұлы инженерлік-архитектуралық шешім жапондық мамандардың ойына Фукусима АЭС-і жарылғаннан кейін келген. Осыдан біраз уақыт бұрын Жапонияның Хонсю аралында Фукусима АЭС-і жарылып, мыңдаған адам қырылып, 130 миллиард доллар шығынға батқан болатын.

Міне, сол тарихи апаттан кейін жапон ғалымдары осындай ұлы идеяларды іске асырып отыр. Елдегі «Air Danshin» компаниясының ғалымдары мен мамандары жер қозғалғанда аспанға көтеріліп кететін үйдің конструкциясын жасап шықты. Үйдің төменгі фундаментіне сенсорлық құрылғылар қойылған. Бұл төмен орналасқан құрылғылар жер қозғалған уақытта толқындардың жиілігін фиксациялап, жоғары жүйелерге сигналдар жіберіп, жердің қозғалып жатқанынан хабардар етеді. Дәл осы сәтте сигналдардың жиілігін қабылдаған қуатты компрессорлар ғимарат пен фундамент арасындағы жаймаға (подушка) үлкен күшпен ауаны жібереді. Бұл процесс небәрі 5-7 секундтың ішінде ғана іске асады. Себебі, ғимарат қирап қалмау үшін процестің орындалуын мамандар осылай тез жетілдіріп, қамтамасыз еткен.

Қуатты компрессормен үрленген подушка (кешіріңіз, орысшасын айтуға тура келді) немесе жайма 5-7 секундтың ішінде 4-5 см биікке ғимаратты жоғары көтеріп жібереді. Осының өзі ғимаратты қираудан, адамдардың өмірін сақтап қалуға толық жеткілікті болады. Подушка ауаны жеткілікті көлемді қабылдап, компенсациялап, ғимаратты жердің сілкінісі тоқтағанша ауада көтеріп тұрады. Подушкамен бірге ғимараттың өзі де жердің тербеліс амплитудасымен бірге ауада қозғалып тұра береді. Бұл ғылыми өнертабыс ғимараттарды 7-9 балдық жер сілкіністерінен де қорғап қала алады. Бұл деген ғылымдағы сенсация емес пе?

Жер сілкінісіндегі қауіптің барлығы тілшелерде жазылып, ғимараттың ауада қалай қалқып тұрғаны компьютерлерде көрсетіліп тұрады. Дәл қазір Жапонияда 9000 үйге осы құрылғылар қабылданып, жер сілкінгенде қауіпсіздік шаралары іске асып жатыр. Бұл технология қымбат болғанымен, жер сілкінісі өте жиі қайталанатын Жапония үшін таптырмас инженерлік шешім болды деп санайды жапониялықтар.

Ал, біздің елде бір ғана қаланың бір ғана ауданының соты осындай 100 үй салатын қаражатты құлқынынан өткізе алмай, құса алмай, ұсталып жатыр.

Адырна