Жапаров қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жағдай туралы мәлімдеме жасады

0

Ол шекарадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетінін айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жағдай туралы қысқаша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сілтеме жасап.

Садыр Жапаров шекара мәселесі бейбіт жолмен және келіссөздер арқылы шешіледі деп отыр.

«Шекарада орын алып жатқан жайт толықтай бақылауда. Бәрі бейбіт жолмен және келіссөздер арқылы шешіледі. Алаңдамаңыздар», — деді мемлекет басшысы.

27 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасындағы Баткендегі Торт-Коча ауданында Тәжікстан тұрғындары жолды жабуға тырысқан болатын. Келіссөздерден кейін жағдай ушыға түсті. Қырғызстан Шекара қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, осыдан соң қырғыз тарапы басқа ауданда – Чыр-Добода оқ атқан.

Қырғызстан бұл жайтқа қатысты тәжік шекарашылары қасақана арандатушылыққа барды деп отыр. Ал тәжік тарапы Қырғызстанды кінәлауда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.