Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

0

Қазақстандық боксшысы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз америкалық қарсыласы Стивен Мартинесті техникалық нокаутпен жеңген деп хабарлайды vesti.kz.

https://www.instagram.com/p/BtZ-9NEg_z2/?utm_source=ig_embed

Стивен Мартинес пен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы кездесу Техас штатындағы Фриско қаласында өткен.

Негізі жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Алайда Жәнібек бесінші раундта шабуылын үдетіп, нәтижесінде Стивен Мартинестің бапкерлері ақ орамалды тастап, шәкірті жеңілгенін мойындаған.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы осы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткен бокс кешінде америкалық қарсыласы Вон Александерды жеңіп, төртінші рет жеңіске жеткен еді.

Дереккөз: kaz.nur.kz