«Құмның қасиетімен танысу»

0









«Құмның қасиетімен танысу»

Автор: Жамаш Тұмар Жамалбекқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-02-03


Материал туралы қысқаша түсінік

Балаларға құм туралы түсінік беру .
Құмның қасиетын анықтау




Шымкент қаласы №95 «Алтын дән» бөбекжай балабақшасыЖамаш Тұмар ЖамалбекқызыБілім беру саласы: Таным, шығармашылық, денсаулық.Білім бөлімі: Жаратылыстану, сурет салу, мүсіндеу.Тақырыбы: «Құмның қасиетімен танысу».Мақсаты: Балаларға құм туралы түсінік беру. Құмның қасиетін анықтау. Балалардың эксперимент жасау арқылы қызығушылықтарын арттыру. Құмнан сурет салу тәсілімен таныстыру. Ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.Қажет құралдар: Құм, қажетті құралдар.Әдіс-тәсілі: Балалармен эксперимент жасау.Сөздік жұмыс: Құм-песок.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері:Қайырлы таң досымҚайырлы күн болсынСәрсенбінің сәтіСәттілікке толсынБіздің балабақшамызҚуанышқа толсын.Ал енді бүгінгі күнге, бір-бірімізге деген ыстық лебіздерімізді айтып білдірейік. Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын айтады.

Бір-біріне деген ыстық лебіз тілектерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Мынау менің қолымда қапшық. оның ішінде не бар екенін білесіңдерме? Ұстап байқап көріңдерші!Балалар, бұл құм. Бүгінгі біздің оқу қызметіміз осы құм туралы. Біз құмның қасиетімен және одан сурет салу әдісімен мүсіндеумен танысамыз. Ал енді мұнда отырып орнымызға жайғасайық.Балалар құммен танысып қасиетін анықтау үшін тәжірибе жұмысын жасаймыз. Алдымен қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.1.Құмды ауызға салуға болмайды.2.Құмды бір-біріне шашуға болмайды.3.Лас қолмен көзді сүртуге болмайды.Құм туралы түсінік беру.Балалар құм ақ, сары, қоңып, қызыл, қара болады. құм -–ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді. Тау тастарының үгінділерінен пайда болады.Бұл құм бірнеше топтарға бөлінеді: көлдік, теңіздік, шөлді, желдік.Құм бойына заттарды жеңіл сіңіреді.Ал енді осы құмның қасиетін анықтау үшін тәжірибе жұмысын жүргізейік.1-тәжірибе: құм жылы, ылғалды, сусымалы, шашырағыш.2-тәжірибе: құмның суда сіңіруі.3-тәжірибе: құмның сүзгіштік қасиеті.4-тәжірибе: құмның ауыр жеңілдігін анықтау.Сергіту сәтіБалаларды құммен сурет салуды таныстыру.Тыныштық сәт. Баяу әуен қойылады.Балалар көзімізді жұмайық, көз алдымызға теңіз жағалауында демалып жүргенімізді елестетейік көзімізді ашайық, енді кім не көрді?Ал енді осы көргенімізді құм бетіне сурет етіп салайық.Балалар құммен біз қай кезде ойнаймыз?Дұрыс айтасыңдар. Құмнан мүсіндер жасайық. Ол үшін бізге қандай құм керек?Алдымызда тұрған формаларды құмға толтырып мүсін жасайық.

Балалар қапшықты ұстап көреді.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіреді.

Құм түрлерімен танысады.

Құмның қасиетін анықтау үшін тәжірибе жасауға кіріседі.

Сергіту жаттығуын орындайды.

Балалар көздерін жұмады елестетеді.

Не көргендерін айтады.

Құм бетіне сурет салады.

Балалар сұраққа жауап береді.

Рефлексивті-түзетушілік Балалар бүгін біз немен таныстық?Құм қандай болады?Құмның қандай қасиеті бар?Құммен не жасадық?Балаларға алғыс айтып мадақтап, оқу қызметін аяқтау. Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Құм туралы және оның қасиеттерін біледі.

Түсінеді: экспериментті жұмыстар, құммен сурет салуды.

Қолданады: құммен жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын сақтауды, ұқыпты жұмыс жасай білуді.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.