«Жандоспын деп таныстырған»: Алматыда белгісіз үш еркек жас жігітті аюуандықпен зорлап кетті

0

Бұл туралы NeMolchiKZ сенім телефонына жәбірленушінің өзі мәлім еткен.

«Біздің тәжірибемізде бұл төртінші оқиға. Оның екеуі аса қатыгездікпен жасалған болатын. Бұл топпен болған үшінші қылмыс.

Жас жігіт зорланғаннан кейін бірден сенім телефонына жазған, ол мұндай жағдаqда не істеу керектігі туралы кеңес пен қолдау алуды көздепті. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, біз сол түні іс жүзінде ұйықтамадық. Бірақ таңға қарай жас жігіттің қылмыскерлерді жазалау ниеті анық болғанына қуаныштымын.

Жағдай әлі толық анықталған жоқ, бірақ бір нәрсе белгілі, бұл жігітке тапсырыс түскен. «Дәстүрлі емес сексуалдық бағыттағы адамдарға қарсы өшпенділік қылмысы болуы мүмкін. Мүмкін, біреуге ол гей болып көрінген жән одан кек алмақ болған шығар. Неліктен бұл тапсырыс деп ойлаймыз, өйткені зорлағандар үнемі біреуге телефон соғып, не болып жатқанын хабарлап отырған.

Жас жігіт қарсылық көрсетуге тырысқан. Арада төбелес болған. Бірақ үшеуі жабылыg арам ойларын іске асырған. Жәбірленушінің айтуынша, алдын ала жоспарланған қылмысқа қатысушылардың бірі оны үйіне алаяқтықпен шақырған, бұл бейтаныс жігіт өзін Жандос деп таныстырыпты.  Бірақ сол жерге тағы екі белгісіз адам келіп, бірден күш көрсетіп қорқытып, 500 000 теңге талап етіп, төбелес басталған. Соңы қалай аяқталғаны белгілі»,- деп жазды NeMolchiKZ