Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

0

Жанбота Алдабергенова әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан әлем кубогінің алғашқы кезеңі басталды. Әйелдер арасынан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Финалда ол 80,04 ұпайымен жарысты екінші орынмен аяқтады.  Жарыс нәтижесі бойынша, қытайлық Кун Фаньюй топ жарса, оның командаласы Шао Кью үздік үштікті қорытындылады.  Айта кетейік, бұл фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы.