Жанболат Мамай туралы шындық: оппозиционердің артында кім тұр?

0

Қазақстанда несиелік рақымшылық жүргізу талаптары бұрыннан айтылып келеді. Бұл тақырыпта саяси ұпай жинауға ешкім де тырысқан емес, тек атойлаған белсенділерді қоспағанда, деп жазады newsroom.kz сайты.

Мәселен, қарыздарды есептен шығаруды бұрынғы халық коммунистері (қазіргі ҚХП), қашқын олигарх Мұхтар Әблязов, құрылып та үлгермеген «Ел тірегі» партиясының басшысы Нұржан Әлтаев және басқалары сөз етті. Енді, осы ескірген тақырыпты ресми тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай пайдаланып жүр. Шын мәнісінде, олар нақты саяси күн тәртібі жоқ, өз қызметін еш принципсіз, әр жерден бір шұқып жүргізетін бірнеше адамдар тобы ғана.

Шамамен бір апта бұрын оның жақтастары несиелік рақымшылық жасауды талап етіп, Ұлттық банктің жанында наразылық акциясын өткізгені белгілі.

Алайда, олар қазақстандықтардан қолдау таба алмады. Тіпті, әлеуметтік желілерде митинг қатысушыларына қарсы наразылық толқыны пайда болды.

– Несие алған кезде ойлану керек еді, – деді пікір қалдырушылар.

Бұл Мамайдың нарықтық экономиканың негіздеріне қарсы шығып жүргенін бәрі жақсы түсінеді. Кез-келген дамыған елде оны күлкіге айналдырар еді. Өйткені, бұл өркениетті әлемнің құндылықтарын бұзатын мүлдем жабайы идея. Оны түсіну үшін экономист немесе қаржыгер болудың қажеті жоқ: бұл қарыздарды бәрібір басқа біреуге төлеуге тура келеді. Проблемалық қарыз алушыларды басқа салық төлеушілердің есебінен құтқаруға болады, алайда оларға бұл мүлдем ұнамауы мүмкін. Несиелік рақымшылықты банктердің мойнына іліп қоюға болады, бірақ бұл отандық қаржы жүйесін түбегейлі құрдымға апаратын жол.

Жанболат Мамай өзін елдегі жалғыз шынайы оппозиционер ретінде көрсетуге тырысады. Алайда, іс жүзінде Жанболат Мамай өзгелердің қитұрқы мүдделеріне қызмет етуге дағдыланған тәуелді тұлға. Оның өмірбаянына көз салсаңыз, мұны айқын көруге болады.

Оның саяси «мансабы» 2007 жылы басталды. Ол кезде Мамай Мұхтар Шахановтың «Рух пен тіл» клубының жетекшісі ретінде қызмет атқарды. Ұйым ультрарадикалды деген сипаттамаға ие болды. Оның негізін қалаушы – белгілі ақын және жазушы, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Шаханов еді.

Шахановтың арқасында Мамай журналист және қоғам белсендісі ретінде қалыптасты. Ол Жаңаөзенде істі болған кезде де, босатылуына дәл осы Шаханов көмектескен болатын. Мамайдың өзі соңғы уақытқа дейін Шахановты рухани тәлімгерім және ұстазым деп айтып келді. Алайда, 2019 жылы Жанболат кенеттен бұл туралы ұмытып, Шахановты «биліктің туфли жалағышы» деп атады.

Бұл жағдай Мамай ұстазының егде жасына байланысты өз позициясын ұстап тұра алмайтынын түсінгеннен кейін орын алды. Яғни, белсендісымақ өзінің тәлімгеріне сатқындық жасай отырып, бірден екі қоян атып отыр. Біріншіден, ол өзін демократиялық принциптер үшін күресетін оппозиционер ретінде көрсетті. Екіншіден, содан бері билік оны оппоненттерін жою үшін пайдаланып келеді. Бұл іс оның қолынан келді,  керемет орындай алды.

Алайда, 2010 жылы Мамай қос ойын ойнап жүр деген күдікке ілінді. Ол өзі жариялаған акцияларға екі рет келмеді.

«2010 жылы біз жастар митингін өткіздік. Мен Мамайды қолдадым. Онымен бірге Астанаға Білім министрімен кездесуге бардым. Өте қатаң өрбіген әңгіме болды, нәтижесінде Мамай «артқа шегінді», яғни қорықты. Ол маған өз шешімін былай деп түсіндірді: «Міне, біз шығамыз, бізді тұтқындайды. Сонда біз не нәрсеге қол жеткіземіз?». Осыдан кейін ол біз шықсақ та алаңға шықпайды деп, Шахановты айыптай бастады», — деп оның бұрынғы серігі, Қазақстан аумағынан гептил отынымен зымыран ұшыруға наразылық білдірген «Антигептил» тобының мүшесі Ұлан Шәмшет сұқбат берген екен.

2012 жылы Жаңаөзендегі оқиғадан кейін Жанболат Мамайды, онымен бірге режиссер, қоғам қайраткері Болат Атабаевты «Конституциялық құрылысты құлатуға шақыру» және «Әлеуметтік алауыздықты қоздыру» баптары бойынша жауапкершілікке тартты. Бірақ, шілде айында Мамайдың өкініп, кешірім сұрауына байланысты оған тағылған барлық айыптар алып тасталды және айыпталушыдан куәгерге ауысып шыға келді.

 

 

 

 

 

Белсендінің ерекше жолы болғыштығының құпиясы қарапайым: ол билік өкілдерінің тапсырмаларын орындады. Оппозиция қатарына қосылып, Мамай оларды әшкерелейтін ақпарат алды, оларға қарсы қолданылуы мүмкін құжаттарды жинады.

Нәтижесінде, Мамай «Алға!» халық партиясы үйлестіру кеңесінің экс-төрағасы Владимир Козловқа қарсы куәлік етіп, Владимир Козлов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

2017 жылы Мамай тағы да қауіпсіздік күштерінің назарына ілікті. Бұл жолы мәселе Қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру туралы болды. Қарапайым тілмен айтқанда, ол БТА банкінің басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ осы банктің ақшасын ұрлағаны үшін Қазақстанда сырттай сотталған қашқын, алаяқ Мұхтар Әбілязовтан 110 мың доллар алған. Ақша сол кезде Мамай бас редакторы болған «Трибуна» газетін қолдауға бағытталған-мыс. Шындығында осы қаражатқа ол керемет коттедж сатып алып, онда жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ал, «Трибуна» журналистері бір тиын көрмеді. Оның үстіне, Демпартияның лидерісымақ оларға ешқашан жалақы төлемеген.

Сонымен қатар, органдардың Мамайды темір торға тоғытуға бағытталған екінші әрекеті сәтсіз болды. Оған Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесінің бұрынғы хатшысы мемлекеттік құрылымдарда ұзақ қызмет атқарған Төлеген Жүкеев қамқорлық жасады. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметі бұл Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының келісімі бойынша Президент қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін лауазымды тұлға. Рас, Мамайға жаза тағайындалды. Осы уақытқа дейін оппозицияның барлық негізгі ойыншылары жойылғанын ескере отырып, билік оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге мәжбүр болды. Мамай бұл фактіні өз позициясын нығайту үшін қолданып, өзін айналасына әділдіктің құрбаны етіп көрсетті.

Сонымен қатар, ол өзінің қолдаушысы – Мұхтар Әблязовты сатып, оған қарсы айғақ берді. Осыдан кейін олардың жолдары қақ айырылды. Экс-банкир тіпті Мамайға тікелей эфирлердің бірін арнады, оның билікпен байланысы туралы айтты.

«Біз жақында Қытайдағы мұсылмандардың: ұйғырлардың, қазақтардың, қырғыздардың, дүнгендердің қуғын-сүргінін тоқтатуды талап еттік. Біз Қытай ассимиляция саясатын жүргізіп, адамдарға өз дініне сенуге, өз тілін үйренуге мүмкіндік бермейді деп даурықтық. Енді Мамай айтады: «Біз Сингапурдағыдай әрекет етуіміз керек. Анклавтар құруға мүмкіндік бермейміз. Оларға ешқандай тіл керек емес, тек факультативте ғана..» деп Мұхтар Әблязов, қазақстандық дүнгендерді қыспаққа алу туралы шешім қабылдаған «Мамайдан демократия» туралы эфирлерінің бірінде сөз еткен.

Айта кетейік, Шыңжаң мұсылмандарының құқығын жақтайтын белгілі қоғам қайраткері Серікжан Біләш те Мамай туралы жақсы пікірде емес.

Ол оппозиционер Ержан Тұрғымбаймен бір әңгімесінде «Мамай Батысқа демократияның бар екенін көрсету үшін үкіметтің қолдан жасаған клоуны. Мамай және оған ұқсас адамдар басқа адамдардың тапсырыстары мен міндеттерін орындайды, халықтың басын қатырғаннан басқа ештеңе бітірмейді» деді.

Көп ұзамай Мамай тағы да көзге түсті. «Трибуна» газеті мен оның шолушысы Денис Кривошеев қарағандылық кәсіпкердің талап арызы бойынша соттан ұтылды. Сот шешімі бойынша олар арызданушыға 5 млн теңге төлеуге тиіс болған. Кривошеевтің айтуынша, ол қарыздың өзіне тиесілі бір бөлігін жинаған. Бірақ Инга Иманбай бұл ақшаны газеттің кезекті шығарылымы үшін сұрап алып, сатылым аяқталғаннан кейін бәрін қайтаруға уәде берген. Нәтижесінде, Кривошеев барлық соманы қайта жинауға мәжбүр болған. Осыдан-ақ, оңай жолмен келген қаражатты жақсы көретін Мамай үшін әріптестерін ақшаға «сату» қалыпты әдеті екенін көруге болады. Ол тіпті журналистке қарызын қайтаруға тырысқан да жоқ.

Араға 2 жыл салып, сот журналист болып жұмыс істеуіне тыйым салғанына қарамастан Мамай Алматыдағы ең беделді кинотеатрлардың бірінде көрсетілген «Зұлмат» деректі фильмін жарыққа шығарды. Премьераны барлық жетекші мемлекеттік БАҚ жариялады. Қазақстандық билік картинаны жасауға және таратуға атсалысқаны анық болды.

Кейінірек, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезінде де Жанболат Мамай оппозициядағы бұрынғы әріптесі, өзін-өзі ұсынған Әміржан Қосановты қолдаудың орнына, адамдарды сайлауға бойкот жариялауға және алаңға шығуға шақыра бастады. Тағы да биліктің мүддесі үшін.

 «Дәл сол Жүкеев пен Мамай сайлау кезінде үнсіз қалды және қазір анти Қосанов тақырыбында мансап құруда. Жүкеев мырза, мен сайлауға қатысқан кезде сендер қайда болдыңдар? Жалпы алғанда, олар, осы оппозиционерлер, менің дауыстарымды алып, мені қорлады! Олардың бәрі маған қарсы биліктің қолында жұмыс істеген сияқты. Мүмкін оларға ақша төленген шығар, білмеймін»  деп жазды 16% дауыс жинаған Әміржан Қосанов.

Осыдан 2 ай өткен соң белгілі журналист, оппозициялық белсенді Ермұрат Бапи оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының басшысы қызметіне Жанболат Мамайдың кандидатурасын ұсынды. Алайда, көптеген адамдардың пікірінше, қазіргі билік үшін жұмыс істеген Мамайға ЖСДП мүшелері күдікпен қарап, оны қолдамаған.

Бұған өкпелі Мамай, Бапиді «түсініксіз» авантюраға араластырады. Ол оны қашқын қылмыскермен, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевпен кездесуге, ЖСДП-ны сатып алу бойынша мәміле жасау үшін алып келді.
Оның бұл жолғы қадамы өкінішті аяқталды: әлеуметтік желіде сауда-саттық тақырыбы түсінікті болған хат пайда болды. Нәтижесінде, Ермұрат Бапи масқара болып партиядан қуылды. Бұл сол кезде елдегі оппозицияның соңғы жұрнағы болған ЖСДП-ға ауыр соққы болды. Мұндайдан партия қайта қалпына келе алмады. Халықтың оған деген сенімі қалмады.

Осы оқиғалардан бір ай өткеннен кейін Мамай Төлеген Жүкеевпен бірге «Қазақстанның демократиялық партиясының» құрылғанын жариялады. Бірақ олар қолдау таппады – қолдаушылардың аздығына байланысты «ҚДП»-ны тіркеу мүмкін болмады.

2020 жылы Мамайға ҚР СІМ қорғаныш болуға тырысты.

«Біздің ҚР СІМ-дегі дереккөзіміз министрліктің басты талаптарының бірі қарарға Мамай партиясының, «Қазақстанның демократиялық партиясының» 2020 жылы тіркелуіне мүмкіндік бермегені туралы ескертуді енгізу болғанын хабарлады. Партияның жалпы жиналысын өткізу мәселесі қаралған. Міне, осы тармақты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қолдады. Оған Еуропалық Одақтың елшісі және латвиялық депутат Америкс көмектесті. Қалай ҚР СІМ оппозициялық партияны жарнамалануы және қолдауы мүмкін – мен білмеймін. Оны Қазақстанның Сыртқы істер министрі жеке өзі ұсынған, өз лоббистері арқылы оның мүддесін сұратқаннан кейін Мамайдың оппозициялығынан не белгі қалды?» деді Мұхтар Әбілязовтың жақын серігі, «Ашық әлем» қорының басшысы Людмила Козловская .

Сол уақыттарда Мамай көптеген митингілердің ұйымдастырушысы бола бастады. Сонымен қатар, басқа оппозиционерлер атап өткендей, құқық қорғау органдары оған жұмсақтық танытты: Белсенді Мамай да, оның жақтастары да ұзақ уақыт бойы қамауға алынып, ұсталған жоқ. Басқа наразылық акцияларына қатысушылар, мысалы, ДВК, мұндайды армандай да алмады.

Бір қызығы, кейбір жағдайларда Мамай митинг тақырыбына «Қытай қатерін» таңдады. Рас, оның жалған, Қытайға қарсы риторикасында ешқандай қисын жоқ. Әрі қарай «демократ» Мамай айқайлар мен ұрандарға бармады. Осы уақыт ішінде ол ШҰАА-дағы атақты қайта тәрбиелеу лагерлерінен шыққан этникалық қазақтар мен Алматыдағы ҚХР консулдығының жанында 220-дан астам наразылық акциясын өткізгендердің ешқайсысымен кездеспеді. Ол тіпті оларға қандай да бір көмек көрсетуге тырысқан жоқ. Бұл жағдайда өзін ұлттық патриот деп санайтын белсендінің, аспан асты елінің көрші елдердегі экономикасына қатысуын арттыру әрекеттеріне қырын қарайтын белгілі бір ықпал ету топтарының мүдделеріне қызмет етуі де мүмкін деген ой келеді.

Алайда, анти Қытай наразылықтары басылған сәтте, Мамай демократия үшін күрес туралы ескі ұрандарға оралды. Ал соңғы уақытта жағдай өзгерді. Мамайға ешкімнің де сенімі қалмағаны белгілі болған кезде, қауіпсіздік қызметкерлерінің оған деген көзқарасы басқаша бола бастады. Соңғы митингте оны тіпті ұстауға тырысқан сыңай көрсетті.

Мүмкін, тағы бір оппозиция жетекшісі, бизнесмен Барлық Меңдіғазиевтің сұхбаты биліктің Мамайға салқындық танытуына маңызды рөл атқарған шығар. Ермұрат Бапимен әңгіме барысында ол Мамайдың Бергей Рысқалиевтің көмегіне жүгінгенін мәлімдеді.

Меңдіғазиевтің айтуынша, дәл осы Рысқалиев биліктен бөлек Мамай мен оның жалған Демпартиясын қаржыландырады.

Барлығы белсенділер Меңдіғазиевтің Рысқалиевпен кездесуін ұйымдастырған кезде ашылған. Кәсіпкердің айтуынша, бұрынғы әкіммен сөйлескеннен кейін ол Мамайдың билікке жұмыс істейтінін және кезекті жоба екенін түсінген. Меңдіғазиев Мамайды ашық пікірталасқа шақырып, оны көпшілікке жария етті. Бірақ Жанболат әрдайым қорқақтықпен бас тартып, өзіне қауіп төнетінін түсінді.

Осы сұхбаттан кейін Ермұрат Бапи Мамайға деген көзқарасын «қайта қарауға» тура келеді деп шешкен сыңайлы.

Бұл жөнінде Бапи: «Мен Жанболатқа толықтай сендім, ал ол менен, Рысқалиевтің қанатының астына кіріп кеткенін қалай ғана жасырып қалды?» деген болатын.

Осы сатқындықтардың барлығы Жанболат Мамайдың биліктің, сондай-ақ ел ішіндегі және шетелдегі басқа да ойыншылардың қуыршағы екенін көрсетеді. Оның негізгі мақсаты: қоғам алдында оппозицияның беделін түсіру. Осы үшін де ол оппозициялық көзқарастағы адамдардың сеніміне ие болады.

Мамай билік тарапынан қаржыландырылады дегенді жұмысы да, бизнесі де жоқ белсендінің Алматы тау етегіндегі бағалы коттеджі мен жеке автокөлігі де растайды. Бұдан басқа, ол Tamos Education элиталық мектебінде қызының оқуы үшін миллиондаған шотты (онда бір жыл оқу 1,4-тен 4,4 млн. теңгеге дейін тұрады) төлеуді және шетелдердегі демалысын жайғастыруда.

Сонымен қатар, Жанболат Мамай ел ішінде тұрақты ұшып-қонуға, бейнероликтер түсіруге және оларды әлеуметтік желілерде таргеттеуге қомақты қаражат жұмсайды.

Мамайдың маскасын «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те шешті. Ол әлеуметтік желілерде оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін бірқатар жалған материалдарды шығарған белсендіге қарсы сотта жеңді. Екі инстанциядағы процестер барысында Жанболат Мамай өз пайдасына бірде-бір дәлел ұсына алмаған. Дегенмен, ол Алматы әкімі болған кезде Байбектің жіберген құқықбұзушылықтарын куәландырады-мыс деп 2 мың парақ ұсынып, сотта цирк қойылымын ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, мұның бәрі оның әлеуметтік желілерде жинаған қауесеттері, сондай-ақ істің мәніне мүлдем қатысы жоқ посттар мен БАҚ-тағы материалдарға сілтемелер екендігі белгілі болды. Айтпақшы, соттан кейін барлық осы материалдарды танымал блогерлер, қоғамдық пікір белсенділері тікелей эфирде зерттеді.

Жария түрде шақырту алғанына қарамастан, Мамай бұған қатысты ләм-мим демеді және сөзінің растығын дәлелдеу мүмкіндігін пайдаланбады. Белсенділер атап өткендей, қағаздар толығымен жалған болып шықты.

Көптеген қылмыстық істердің ашылғанына қарамастан Мамайдың мұртын балта шаппауы, соттағы жеңілісі, Қазақстан заңдарын белінен басып жүруі, оппозицияның барлық көшбасшыларымен қарсыласуы оны биліктің жобасы деген тұжырымның негізі бар екенін көрсетеді. Осылайша, Мамай өзгелердің қолында қарсыластармен есеп айырысуда және әлдебіреулердің өз мәселелерін шешуде, оның ішінде халықаралық ойыншылар үшін қолшоқпарға айналды.