Жанар Айжанованың әзіл видеосы жұртты күлдірді (видео)

0

Әнші Жанар Айжанова әзіл аралас бейнебаян түсіріп, желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесі видеода соңғы «хайптың» бәрін қолданған, деп жазады Stan.kz.

Әзіл бейнебаянда 2000 жылдардың басында хит болған «Жаулап алды махаббат» әні қолданылған. Айжанова жастардың Instagram-ға тәуелділігін әзілге айналдырып, соңғы трендтегі челленджерді қайталауға тырысқан.

Желі қолданушыларының басым бөлігіне Айжанованың ізденісі, актерлік шеберлігі ұнаған. Олар бейнебаянға «креативті» деп баға берді.

Сондай-ақ, әншінің бұл әрекетін жасына лайық емес деп тапқандар да бар.

«Несі күшті? Кезінде домбырамен қазақша ән айтушы еді», «Көңілдісі көңілді, бірақ ерсі көрінеді», «Сізді мынадай қалыпта көргім келмейді», — деп пікір білдірген олар.

 

stan.kz