Жаңа жылға арналған ауа райы: Тұрғындарды -25 градусқа дейін аяз күтіп тұр
«Қазгидромет» РМК өкілдері жаңа жылға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, мереке күндері күн райы ашық және аязды болуы ықтимал.
Мамандардың болжамынша, демалыс күндері яғни 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында қазақстандықтарды аязды ауа райы күтіп тұр. Тек солтүстік аймақтарда қар түсіп, боран соғуы мүмкін.
Республиканың орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы күндізгі уақытты 10…-20 градусқа ал түнде -15…-25 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Оңтүстік батыс пен оңтүстік шығыс және оңтүстіктетемпература күндіз 0…-5 дейін төмендеуі мүмкін. Ал түнде -2-ден -12 градусқа дейін суытпақ.
Сондай-қа, оңтүстік аймақтардың кей жерлерінде 5 градусқа дейін күннің жылынуы күтілуде.
Батыста синоптиктер күндіз 0…-8 градусқа дейін, ал түнде -5-тен-15 градусқа дейін суытады деп болжап отыр.
Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік батысында ауа температурсы күндіз -7-тен-15, түнде -15-тен-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері ауа райы ашық және орташа аязды болмақ. Күндіз ауа температурасы 0…-5-ке дейін төмендесе, түнде -5-тен-10 градусқа дейін суытуы ықтимал.
Ал елордасы Астанада мейрам күндері синпотиктер боран соғып, қар жауады деп болжап отыр. Бұл күндері желдің екпіні 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с жетеуі мүмкін.
Ал жаңа жыл түні елордада күндіз ауа температурасы -7…-12 градусты көрсетсе, түнде -12-ден -17 градусқа дейін күн суытуы күтілуде.
1 мен 2 қаңтарда ауа райы ашылып, қалада аяз болуы ықтимал. Күндіз термометр -15…-20 дейін төмендесе, түнде -20…-25 градусқа дейін суық болмақ.