Кёкушинкай каратэден қыздар мен әйелдер арасындағы еліміздің ашық чемпионаты өтті

0

Татамиде үздік өнер көрсеткен Қарағанды облысының спортшылары чемпионаттың командалық есептегі бас жүлдесін иеленсе, Астаналық каратэктер екінші орынды қанжығасына байлады.

Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған Кёкушинкай каратэден қыздар мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының ХІІ Ашық Чемпионаты мен Ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының ХV Кубогы өтті деп жазады zakon.kz.

Жетісу жерінде алғаш рет өткізген шығыс жекпе-жегінің дүбірлі додасын «Қазақстан Республикасы Жауынгерлік өнер ассоциациясының вице-президенті, Қазақстан бойынша жалғыз қара белбеу 7 дан иегері Тәжімұрат Найзабеков ашып, жарыстың бас төрешісі болды.

Шихан Т. Найзабеков басшылық ететін «Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ ұйымы» РҚБ құрамындағы еліміздегі облыстық филиалдар атынан 300 жуық спортшы қыз кекушинкай каратэден еліміздің чемпионы болуға барын салды.

Сэнсэй Сания Қасабаева жетекшілік ететін Алматы облыстық филиалының атынан қатысқан отыздан астам каратэк Жетісу жерінің намысын қорғап, жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді.

Татамиде үздік өнер көрсеткен Қарағанды облысының спортшылары чемпионаттың командалық есептегі бас жүлдесін иеленсе, Астаналық каратэктер екінші орынды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, «Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ ұйымы» РҚБ жиырма жылдан астам уақыт ішінде әлемдік додаларда еліміздің байрағын талай көкке желбіреткен ұйым екені мәлім.

Еліміздің барлық өңірінде каратэнің осы бағыты бойынша 20 мыңнан астам спортшыға шығыс жекпе-жегін меңгеруге мүмкіндік жасалған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/