Жаңа жылда жоғалған 16 жасар баланың мәйіті табылды
Бала жаңа жыл күні сағат 10.00 шамасында Алматы қаласы Жетісу ауданындағы үйінен белгісіз бағытқа кетіп, жоғалған болатын. Ол 16 жаста. Оны еріктілер, полиция, құтқарушылар іздестірген. 4 қаңтарда жасөспірім өлі күйінде табылды.
Мәліметтерге сүйенсек, бұл суицид болған. Жас жігітті көпірдің астында асылып тұрған күйі тауып алған.
Бұл қадамға оның себепті барғаны белгісіз. lider.kz еріктілері марқұмның отбасына көңіл айтты.