Жігіт көрмеген қыз. Кенталдың өзінен 14 жас кіші әйелі жүкті

0
2274
Сурет: instagram.com/kenzhebulatova_m/

Әнші Кентал сүрбойдақтар қатарынан кетті. Ол пандемия кезінде некелесіп, заңды түрде ерлі-зайыпты атанғанын айтты. Үйленгеніне 6 ай болған ол отбасылық қызықтарын тізіп берді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Кентал өзінен 14 жас кіші қызбен шаңырақ құрды. Өзге ұлт өкілімен қол ұстасқан өнер иесі жеке өмірі жайлы ашыла айтты. Әйелімен қалай танысқанын жеткізді.

«Жарымның есімі — Милана. Менен 14 жас кіші. Өзге ұлт өкілі. Ортақ достарымыз таныстырды. Досым өзінен біршама жас кіші қызға үйленген еді. Олардың қуанышында болдым. Сосын досымның келіншегінен сұрастыра бастадым. Өзі қатарлы жас қыз болса, үйленуге дайын екенімді айттым. Солайша Миланамен таныстым. Құрбысы таныстырды. Милана өте ұяң, өте тәрбиелі қыз. Артық жүрісі жоқ. Қыдырып көрмеген қыз. Сонысы ұнады. Үйленуге ниет білдірдім. Егер отбасылық өмірдің осыншалық керемет екенін білгенде, баяғыда үйленер едім», — деді әнші. 

Милананың ұзату тойы да, үлкен той да аяқсыз қалған. Себебі екі жастың қуанышы карантинмен қатар келген еді.

«Милананың ұзату тойына дайындалып жүргенде, карантин басталып кетті. Солай той өтпеді. Үлкен тойымызды да жасамадық. Себебі тойда шектеу жасағымыз келмеді. Қонақтар санын шектегіміз келмеді. Бәрі оңалған соң ұлан-асыр той жасаймыз. Ол кезде мүмкін баламыз да шауып жүрер. Әйелім жүкті. Бала күтіп жүрміз. Айы-күні жетіп отыр. Сол күндерге жетейік», — деді Кентал. 

Әнші бұған дейін жары жайлы бірнеше рет айтқан еді.