Жаңа жыл құтты болсын!

0
227

«The Qazaq Times» ақпараттық порталы барша жұртты Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды.

Биыл Қазақстанда айтулы оқиғалар болғаны белгілі. Олардың негізгілері – Астанада өткен Орталық Азия елдері басшыларының басқосуы, Ақтауда өткен «Каспий жағалауы елдері басшыларының» кезекті саммиті, ҚР Қауіпсіздік кеңесі жөнінде қабылданған заң жобасы. Сондай-ақ, 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы ретінде есте қалмақ. Ең бастысы, еліміз аман, бауырымыз бүтін.

Ендеше, келіп жеткен 2019 жыл ерекше өзгерістер мен қуаныш жылы болсын. Әрбір шаңыраққа құт-береке, ынтымақ, қызметте мол табыс тілейміз. Барлық салада, саясат сахнасында Қазақстан іргелі жетістіктерге жете берсін! Жаңа жыл жақсы күндер мен жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

«The Qazaq Times»