Асхат Аймағамбетов: жаңа білім министрі, атқарған қызметі, отбасы, білімі, туған жері

0
70

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды

Асхат Аймағамбетов бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ол биылғы жылдың 25 ақпанында ғана тағайындалған Күләш Шәмшидинованың орнына келді.

Асхат Аймағамбетовтың алған білімі

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусым күні Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды «Болашақ» білім беру институтының заң факультетін, «саяси ғылымдар» мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған.

Жаңа министрдің еңбек жолы

Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастайды.

  • 2004–2005 – «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған;
  • 2005–2006 – «Медиа СП» ЖШС директоры;
  • 2006–2012 – Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;

Тағы оқыңыз: Елорданың жаңа әкімі: Көлгіновтің білімі мен қызметтері

  • 2012–2014 – Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;
  • 2014-2017 – Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы;
  • 2017 жылы – ҚР білім жəне ғылым вице-министрі болып тағайындалды;
  • 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды;
  • 2019 жылдың 13 маусымында ҚР Білім және ғылым министрі.

Әкім орынбасары ретінде Аймағамбетов ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелерімен айналысқан.

Ал білім вице-министрі қызметін атқарған кезде БАҚ-пен және желі қолданушыларымен байланыс орнатып, ҰБТ-ны өткізу барысын түсіндірген.

Отбасылық жағдайы

Аймағамбетовтың отбасылық жағдайы көрсетілмеген. Алайда жаңа министрдің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «үйленген» деп жазылған. Баласымен түскен суретін де жариялапты.



sputniknews.kz