Жамбыл облысының полицейлері жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды

0

Ерлі-зайыптының көлігі бұзылып, ауруханаға жете алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жұма күні, 2 тамызда ерлі-зайыпты Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан, алайда Алматы-Ташкент тасжолының 183-ші километрінде көліктері бұзылып, жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған.

Осы кезде Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының офицерлері кетіп бара жатқан. Қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері жүкті келіншек пен оның күйеуін перзентханаға жеткізіп салмақ болады, бірақ оған жете алмаған – жолда әйелдің толғағы басталған.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдер Арыста жас әйелді қалай босандырып алғанын айтты

«Полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді.



sputniknews.kz