Клиникалық өлімді бастан кешкен ер адам о дүние туралы айтты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ер адамның жүрегі тоқтағаннан кейін жаны денесінен ұшып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Дуглас есімді АҚШ тұрғыны клиникалық өлімді қалай бастан кешкенін әңгімелеп берді.

Ер адам 17 жасында өліммен бетпе-бет келген. Дуглас – АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны, бала күнінде ұйқысыздыққа қарсы күшті әсер ететін дәрілер тұтынған. Көбіне оларды алкогольмен араластырып ішкен көрінеді. Көп ұзамай оның қорқынышты салдары көрініс береді. Бір күні оның жүрегі мұндай салмақты көтере алмай, кенеттен тоқтап қалған, деп жазды Daily Express.

Дәрігерлер оны қайта тірілтіп алған, бірақ ол есін жиғаннан кейін, Иса пайғамбардың бейнесі мен өзін ұзын дәліз арқылы тартып әкеткен жарықты көргенін айтқан.

Дуглас сонымен қатар, жарық түнелде Иса Мәсіх «өміріңді өзгерт» деп ақыл-кеңес бергенін мәлім етті.

Жүрек талмасы ұстаған кезде еденде жатқан денесін көріп, ерекше тыныштық пен жеңілдікті сезінген.

Ер адамды осы жағдай дінге жақындата түсіп, бұрынғы іс-әрекеттерін қайта қарауға мәжбүр еткен.



sputniknews.kz