Жамбыл облысындағы жарылыс: тағы бір адамның денесі табылды

0
1197

Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір оның кім екені анықталып жатыр. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

«Жоғалған бір адам іздестіріліп жатыр», – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, тамыздың 26-сы күні Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнен өрт шығып артынан жарылыс болды.