Жамбыл облысындағы «Қазақмыс» кенішінде жұмысшылар қаза тапты

0

Қайғылы оқиға 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде орын алды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау тресінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алып, қаза тапты.

– Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән – жайы мен себептерін анықтап жатыр», – делінген хабарламада.

Қазақмыстағы қайғылы оқиғалар

22 қарашада «Қазақмыс» кәсіпорнында машинист конвейер механизміне қысылып қайтыс болды. Қайғылысы сол, Қазақстанның ірі тау-кен кәсіпорындарындағы өлім-жітім статистикасы өсіп жатыр.

Осыдан бір ай бұрын болған төтенше жағдай —  Костенко шахтасында бір жолда 46 кеншінің қаза табуы тек қалың жұртшылықты ғана емес, ел билігін де дүр сілкіндірді. Осы қайғылы оқиғадан кейін үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды. Бұл шешімге келу үшін жылдар бойы бір-бірлеп қаза табатын жүздеген кеншілердің өлімі емес, бір жолда бірден 46 кеншінің қайтыс болуы себеп болды.

Ulysmedia.kz редакциясы «Қазақмыстағы» қайғылы оқиғаларды талдап, соңғы 10 жылда компания кәсіпорындарында қанша жұмысшы қаза тапқанын анықтады.