Жамбыл облысында зауыттағы өрттен екі адам зардап шекті

Жамбыл облысында 20 желтоқсан күні газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам жараланды деп хабарлады Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет ақпаратына қарағанда, жарылыс бүгін таңертең сағат 8:27-де Жамбыл ауданы Аса ауылында «Амангелді газ өңдеу зауытының» Тараз филиалы аумағында болды. Зауыттағы мұнайды қыздыруға арналған пешті қосатын кезде түтін шығатын құбырдағы газ-ауа қоспасынан жарылыс шығып, құбырдағы мұнай қалдықтары өртенген. Өрт жарты сағат шамасында сөндірілген.
Жараланған екі адам ауруханаға жеткізілген.
Дереккөз: Азаттық