Жээнбеков 2023 жылы президент қызметінен кетуге уәде берді – Жаһан

0
87

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 2023 жылы өкілеттігінің мерзімі аяқталған соң мемлекет басшысы қызметінен кетуге ниетті екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«2023 жылдан кейін президент болып, елді басқару міндеті тұрған жоқ, алты жылдан кейін кеткім келеді», – деді Жээнбеков баспасөз мәслихаты барысында.

Президенттің айтуынша, ол тағы бір мерзімге cайланғысы келмейді.
 
«Тағы бір мерзімге сайланғым келсе, ол саяси бәсекелестік болып кетеді», – деді Жээнбеков.

Сондай-ақ, Қырғызстан президенті келесі мемлекет басшысының жұмысына да араласу жоспарда жоқ екенін айтты. «Қызметтен кетемін және келесі президентті үйретпеймін, ол өзі ойлануы керек», – деді Жээнбеков.

Еске сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков былтыр қазанда Қырғызстандағы президент сайлауында 54,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz