Жалпыға бірдей декларациялау туралы не білу керек
250 000 теңге ресми табыс алатын, бірақ зәулім үйлерде тұратын және қымбат көлік мінетін адамдарға өзекті сауалдар қойылатын болды.
Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары м.а. Д.Смағұловтың тезисі.
100 нақты қадам Ұлт жоспарына сәйкес (42 қадам) 2020 жылдың 1 қантарынан бастап елімізде жеке тұлғалардың кірістер және шығындардың жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.
Қоғамда бұл тақырып белсенді талқылуда.
Назарларыңызды аталған бастаманың негізгі себеп-салдарының біріне аударуды жөн деп санаймыз.
Қазақстан заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдынғы қатарлы халықаралық тәжірибесін белсенді енгізуде.
Мәселен, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямен қарастырылған декларациялау жүйесін енгізу жемқорлық көріністерді тоқтатудың нәтижелі әдістерінің бірі болып табылады.
Активтерді декларациялау заңсыз баю үшін жауапкершілік ұғымымен тығыз байланысты.
Заңсыз баю – лауазымды тұлғаның заңды табыстарынан елеулі түрде артып кеттетін, ол ақылға қонымды ретпен негіздей алмаған оның активтерінің ұлғаюы (жылжымайтын мүліктер, автокөліктер, ақша қаражаттары және т.с.с.).
Аталған ұғым 2015 жылғы 14 желтоқсанда күшіне енген
БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20-бабында көрсетілген.
Қазақстан осы құжатты 2008 жылы ратификациялады.
Осылайша, жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу – бұл заңсыз баю үшін жауапкершілікті орнату бағытындағы алғашқы нақты қадам екенін айтуға болды.
Аталған шара өз уақытында Сингапур, Гонконг сияқты елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысында маңызды нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді.
Бұл елдерде заңсыз баю үшін жауапкершілік өткен ғасырдың 70-ші жылдарында енгізілді.
Бүгін олар тек экономикалық даму көшбасышылары ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейі едәуір төмен елдер ретінде халықаралық рейтингітердін басында тұр (Транспаренси Интернешнл рейтингінде Сингапур – 2 орында, Гонконг – 14 орында).
Декларациялау жүйесі дамыған елдерде елу жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасайды және олардың мемлекеттік аппаратқа кіру дәрежесіне қарамастан барлық халық топтарын есепті болуға міндеттейді.
Мысалы, АҚШ-та осыған ұқсас жүйе 1977 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын декларациялау бүкіл әлемде қалыптасқан тәжірибе болып табылады, оның негізгі мақсаты экономикалық әл-ауқатты қамтамасыз ету, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.
Сондай-ақ, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың субъектілері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер мен басқа да адамдардың және олардың туыстарының барлық декларацияларына жариялылық және ашық қол жеткізу мәселесін пысықтайтын боламыз.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында азаматтық қоғамды жандандыруға мүмкіндік береді.
Осындай жағдайлар аясында 250 000 теңге ресми табыс алатын, бірақ зәулім үйлерде тұратын және қымбат көлік құралдарын пайдаланатын, яғни олардың табыстарынан ондаған есе асып түсетін адамдарға өзекті сауалдар қойылатын болды.
Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде активтер мен міндеттемелер туралы ақпаратты көрсету көзделгенін атап өткен жөн:
1) мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік;;
2) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
3) банк шоттарындағы ақша;
4) айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша, бүгінгі күні бұл 14 миллион 847 мың теңге;
5) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшеріне тең жиынтық сомасынан асып кеткен жағдайда көрсетіледі;
6) өзге де мүлік.
Басқа мүлік жеке тұлғаның қалауы бойынша келесі талаптарды ескере отырып көрсетіледі:
1) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында бағалы тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариат осы мүліктің бір бірлігінің бағасы (құны) айлық есептік көрсеткіштің 5880 еселенген мөлшерінен асып кеткен және осындай мүліктің құнын растайтын құжаттар болған жағдайда көрсетіледі;
2) ветеринариялық паспорт немесе осындай активтерге меншік құқығын растайтын өзге құжаты бар биологиялық активтер;
3) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасында айқындалған тәртіпте ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген жағдайдағы мәдени құндылықтар;
4) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құнды қоса алғандағы, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кездегі өзге де мүлік.
Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары м.а. Д.Смағұлов
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!