Тақпақ: Компьютер

0

Тақпақ: Компьютер казакша Тақпақ: Компьютер на казахском языке

Пернетақта алдыңда,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар,
Компьютер бұл ғажап.

Керек емес қаламың,
Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз,
Суретті де салады.

Талай шаруа бүгінде,
Компьютерсіз бітпейді.
Керек десең ол тіпті,
Том-том кітап жүктейді.

Ғаламторға жалғасаң,
Жоқ онымен таласың.
Бар сұраққа бір демде,
Миллион жауап аласың.

Бірақ, байқа, балақай,
Оның да бар зияны.
Соны білген ата-анаң,
Кейде сені тияды.

Көп отырсаң телміріп,
Көз жанарың талады.
Ата-анасын тыңдайды,
Барлық бала саналы.

Компьютердің пайдасын,
Пайдалана біл, күнім.
Игі істерге жұмсайтын,
Керек саған ол білім.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!