Жағдайы ауыр: Елордада көлік жүргізушісі үш жасар баланы қағып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда көлік жүргішушісі үш жасар баланы қағып кетті. Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дтп

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде жаппай таралуда. Видео авторының сөзінше, жүргізуші көлік тұрағынан шықпақшы болғанда баланы байқаусыздан қағып кетіпті. 

«Жүргізушілер неліктен жылдамдығын азайтпайды? Балалар велосипед, самокат теуіп жүрген кезде байқамай қаласын. Балақай аман деген үміттемін», — деп жазыпты видео авторы. 

Елордалық ПД мәліметінше, оқиға 3 мамыр күні орын алған.

«Ravon Nexia R3 маркалы 34 жастағы көлік жүргізушісі көлік тұрағынан шығып келе жатқанда үш жасар ұл баланы соғып кеткен.  Жарақат алған бүлдіршін аруханаға жеткізліді. Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», -делінген ресми хабарламада. 

Қазір зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатқан көрінеді. Дәрігерлердің сөзінше, жағдай ауыр. Тиісті ем шаралары атқарылуда екен.  

Бұған дейін Алматыда 23 жастағы жігіт үш жасар баланы қағып өлтіргені туралы айтылған болатын. 

stan.kz