Жабық жолдан өтпек болып, полицейді жұлқылаған жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)
Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған тас жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған Алматы – Екатеринбург тас жолында болған.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді.
13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынды.