Зеленский: Елімізді азат ету үшін қанша керек болса, сонша күресеміз (видео)

0
1947

Украина президенті Владимир Зеленский тағы да үндеу жасады. Оның үндеуі Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Біз мемлекетімізді азат ету үшін қанша керек болса, сонша күресетін боламыз. Сәбилер атыс-шабыс болып жатқанына қарамастан, бас сауғалайтын жерде дүниеге келіп жатқанда мына халықтар соғысында жаудың жеңіске жетуіне ешбір мүмкіндік жоқ», — дейді Зеленский. Сонымен қатар, Владимир Зеленский үндеуінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинадағы жағдай бойынша Ресеймен келіссөз жүргізуді ұйымдастыруды ұсынғанын атап өтті. «Әлиев пен Ердоған Ресеймен келіссөз жүргізуді ұйымдастыруды ұсынды. Бұны тек қолдауға болады», — дейді Украина президенті.

Сондай-ақ, Зеленский Еуропаның барлық елдері Ресейді SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратуға келіскенін де айта кетті. «Біздің дипломаттар Еуропаның барлық елдері халықаралық банкаралық жүйеден Ресейді ажыртауға келісуі үшін бар күш-жігерін салды. Бұл жеңіс те біздің қолда. Бұл Ресей үшін миллиардтаған шығын», — дейді ол.

Еске сала кетсек, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын. Кейін әртүрлі БАҚ өкілдері Украинаның Киев, Краматорск, Одесса, Харьков пен Бердянск секілді қалаларынан жарылыс дауысын естігенін хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, Украинадағы әскери іс-қимылдар кезінде 198 адам қаза тапқан.