Зеленский биліктен кетуге дайын

0
66

Украина президенті Владимир Зеленский егер бұл соғысты тоқтатуға көмектесетін болса, ақпан айында отставкаға кетуге келісті. Бұл туралы Украина басшысы мен Батыс шенеуніктерінің сөздеріне сілтеме жасап Washington Post (WP) хабарлайды.

«Мен билікті ұстап тұруға тырыспаймын.  Егер бұл маған қатысты мәселе болса және бұл қантөгісті тоқтататын болса, онда мен дайынмын. Мен қазір-ақ кетемін. Мен саясатқа ол үшін келген жоқпын», — деді Зеленский Батыс шенеуніктеріне.

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Даниловтың айтуынша, батыс елдері Киевке ешқандай қару бермеген.

Бұған дейін Зеленский Қырым платформасы халықаралық саммитінде сөйлеген сөзінде Қырымды серіктес елдермен кеңеспей-ақ, кез келген әдіспен қайтаруға уәде берген.  Украина басшысы сонымен бірге Киев Ресейге қарсы тұру үшін көбірек Батыс қаруы қажет екенін атап өтті.  Зеленскийдің айтуынша, Украина атысты тоқтатуға дайын емес және қақтығыс аймағындағы жағдайды тұрақтандырмайды.

Ақпарат: lenta.ru, фото: eadaily.com