Зейнетақым 85 мың теңгеге жетпейді – Роза Рымбаева

0

Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаева «Собеседник» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Президентімен қалай жақсы тіл табысатындығы және қанша зейнетақы алатындығы туралы айтып берді.

«Мен президенттермен немесе министрлермен шай ішпеймін, бірақ біз жиі сөйлесеміз — мен үлкен үкіметтік концерттерге қатысамын. Менің ойымша, олар мені сыйлайды. Қалай болғанда да, бір кездері Назарбаев маған мемлекеттік сыйлық пен «Парасат» құрметті ұлттық орденін тапсырды, ал Тоқаев жақында еңбек ері деген құрметті атақ берді », — деп мақтанышпен атап өтті халық әртісі.

Журналистің «Мүмкін, олар зейнетақыларына қосымша атақтары үшін ақы төлейтін шығар?» деген сұрағын:

«Ия, ол үшін стипендия бар. Мен айтайын дегенім, сіз түсінетін ақшаға аударғанда зейнетақым 200 доллар. Қосымша төлемдер де бар », — деп қысқа жауап берді Рымбаева.

Роза Қуанышқызының айтуынша, ресейлік және еуропалық шоу-бизнес пен отандық әншілердің табысын салыстыруға келмейді. Қаражат табу үшін тынымсыз жұмыс істедік. Біздегі халық әртісі лимузин, яхта, зәулім үйден де құр алақан екенін атап өтті.