Яссауи хикеметтері жазылған тастар далада шашылып жатыр: Түкістанға керексіз болғаны ма?

0

Түркістанда жаңа қала құрылысы басталардан бұрын Ясауи кесенесі маңында тұрған таңдамалы 52 хикмет жазылған тас қазір айдалада шашылып жатыр.

Бұл туралы белгілі ғалым Досай Кенжетай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің мазмұнын өз кезінде ғалым Досай Кенжетай таңдап, ақын Бекарыс Шойбеков аударған.

Тарихи құндылық ретінде халықтың көзайымына айналған гранит тастағы ұлы бабамыздың хикметі бюджет ақшасына жасалған. Яғни бүгінгі Түркістан әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев бұл жәдігерлер керек емес деген сөз.

Егер әкімдікке керек болмаса бұл дайын еңбекті далаға шашпай, жоғары оқу орнының ауласына, мешіт маңына орнатып қоюға болар еді ғой…