Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 300 миллиардтан астам теңге бөлінеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 300 миллиардтан астам теңге бөлінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл қаражат макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты іс-шараларға бағытталады.

«Осы қаражат есебінен 1 сәуірден бастап әлеуметтік төлемдерді индекстеу және шетел валютасы бағамының өзгеруіне байланысты шығыстарды жабу жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 315,6 миллиард теңге бағытталады», — деді Смайылов.

 

stan.kz