42 500 теңгені қанша қазақстандық алады

0

Халықты жұмыспен қамту үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 триллион теңгеге ұлғайтылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге алады. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Премьер-министр әлеуметтік төлем алушылар қатары кеңейгенін атап өтті. Олардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен тұрмысы төмен азаматтар бар. 

«Шамамен 3 миллион қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде төлемақы алатын болады», — деді Мамин үкімет отырысында. 

Бұдан бөлек, ол халықты жұмыспен қамту үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 триллион теңгеге ұлғайтылғанын айтты. 

Бұл 240 мыңнан аса жаңа уақытша әрі тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек. 

Бұдан бөлек, 700 мыңнан аса бизнес субъектісі салықтық жеңілдіктерге ие болады.



sputniknews.kz