Зейнетақы қорынан жинаты алуға өтінім қабылдау басталады

Бүгін зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға өтінім қабылдау басталады.

0
507

Бірыңғай зейнетақы қорында жеткілікті шектен артық қаражаты бар азаматтар бүгіннен бастап ақша алуға онлайн портал арқылы өтінім бере алады.

Қордағы қаражатын пайдаланып баспана алатындарға жаппай «Отбасы банкіне» барудың қажеті жоқ. Ақша қолма-қол бермейді. Алуға болатын сома арнайы ашылған есепшотқа аударылады.

Сондан кейін 45 күннің ішінде қаражат пайдаланылмаса, ақша автоматты түрде зейнетақы қорына қайта түседі.

«Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, зейнетақы жинағындағы қаражатты шешіп алу бір күнде басталып, сол күні аяқталатын бағдарлама емес. Алатын қаржыны мұқият есептеп, онлайн өтінім бергені жөн.

Қазақстанда зейнетақы жинағынан 700 мыңнан астам азамат қаржы ала алады. Ләззат Ибрагимованың болжамынша, бұған дейін ипотека төлеп жүргендер қарызын төлеуге асығуы – заңдылық. Зейнетақы жинағын алатын азаматтардың көпшілігі қаржыны баспана сатып алуға жұмсауы мүмкін.