Ирак соты Дональд Трампты қамауға ордер берді

0

Бағдадтағы сот АҚШ президенті Дональд Трампты қамауға ордер берді, деп хабарлады Associated Pressа агенттігі. Трампқа Иран арнайы жасағының командирін өлтіруді жоспарлады деген айып тағылған.

Айыптау Иранның Ислам революциясы күзет корпусы арнайы жасағының бұрынғы басшысы Касем Сүлейманидің өліміне қатысты шығарылған. Ол былтыр қаңтарда Бағдадта АҚШ арнайы операциясы барысында өлтірілді.

Осы оқиғадан соң Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын зымыранмен атқылады. Қолбасшы өліміне бір жыл өткенде Иран генерал қазасы үшін кек алуға уәде берді.

Трампты қамауға ордер беру Ирактың осы мәселеге қатысты ұстанымын ғана білдіреді. Әлем елдері АҚШ президентін Иракқа ұстап беруі екіталай, деп жазды AP. Дегенмен Трампты бұл айып бойынша Иракта өлім жазасы күтіп тұр.

Саддам Хуссейн биліктен тайдырылған соң Ирак Вашингтонның аймақтағы одақтасы саналған. Сүлеймани өлімінен соң екі елдің қарым-қатынасын суытып жіберді. Соған байланысты Вашингтон Бағдадтағы дипломатиялық миссиясын жабу мәселесін талқылай бастаған.