Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

0

2018 жылғы 12 желтоқсан 18:35 49

Страсбургтегі атыс: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат — Страсбургтің көшелерінде болған атыс кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Француз полициясының алдын ала мәліметіне қарағанда, Страсбург қаласында орын алған атыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ», — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Францияның Страсбург қаласының орталығы Клеберде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жақын маңда болған атыс салдарынан адамдар көз жұмды

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz