Заңсыз мигранттар көші тоқтамаса, Мексика тауарларына салық саламыз

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Мехико Орталық Америка елдерінен Америкаға заңсыз өтіп жатқан мигранттар көшін тоқтатпаса, Мексикадан келетін тауарларға баж салығын салмақ.

Трамптың сөзінше, мексикалық тауарларға 5 пайыздық баж салығы 10 маусымнан бастап салынады. Олар қазанға дейін ай сайын өсіп, ақырында салық көлемі 25 пайызға жетеді.

Ақ үйдің мәлімдемесіне қарағанда, төтенше өкілеттер туралы 1977 жылғы заңда президентке төтенше жағдайда сыртқы саудада қандай да бір шектеу шараларын қабылдауға рұқсат берілген. Трамп әкімшілігі Американың оңтүстік шекарасындағы ахуалды «төтенше жағдай» деп сипаттайды.

АҚШ президентінің мәлімдемесінде «Мексика тиімді шара қабылдап, заңсыз мигранттар дағдарысы шешілсе, салықты қайта алып тастаймыз» деп жазылған. Әуелде Трамп Мексиканы қандай да бір шара қабылдауға Америка-Мексика шекарасын жабу арқылы көндірмек болған, бірақ Ақ үй «Мексика тауарларына салықты өсіру тиімдірек болады» деген тоқтамға келген.

2018 жылы Мексикадан АҚШ-қа жалпы құны 346,5 миллиард долларға тең келетін тауарлар экспортталған.

Бірнеше күн бұрын Техаста шекарашылар мыңнан аса адам бар мигранттар көшін тоқтатқан. Трамп қойған талап орындалмай, салық күшіне енсе АҚШ-тың Канада және Мексикамен жаңа сауда келісімін жасауы қиындауы мүмкін.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз