Заңгер Айгүл Орынбек: Үш қыздың әкесіне махаббатының күштілігі сондай, өгей әкесінің қорлығына көніп келген — Қазақстан жаңалықтары

0

Айгүл Орынбек Жетісайдағы өгей анасынан қорлық көрген үш қыздың оқиғасын айтты. Қыздармен бетпе-бет жүздесіп, жағдайларын біліп көрді. 

Заңгер Айгүл Орынбек: Үш қыздың әкесіне махаббатының күштілігі сондай, өгей әкесінің қорлығына көніп келген

Сурет Айгүл Орынбектің instagram парақшасынан 

«Үш қызғалдақ! Аналары тастап, әке қолында қалған үш қыздың тәрбиесі өте керемет. Қыздардың әкелеріне деген махаббатының күштілігі ,өгей анасының істеген барлық қорлығына көнген. Күйдіріп, тоңазытқышқа отырғызып, ине тығып тоқпақтасада әкелеріне бір ауыз айтпадық дейді.

Денелеріндегі көгерген іздерді көрмеу мүмкін емес. Алайда қыздардың әкесі «көрмедім»- деп жылап жүр. Екі жылдан бері болып келе жатқан сұмдықты қыздар жасырғылары келген. Себебі папасы ажырасса жүрегі тоқтап,өліп қалады деп қорқытқан. Содан қыздар ешкімге айтпай өмір сүрген.

Қыздардың айтуы бойынша «Әкесіне демидрол дәрісін беріп ұйықтатып тастап, әкелеріңді өлтірем»,- деп жазды Айгүл Орынбек желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. 

Өгей ананың қыздарды жазалайтыны туралы жоспар жазған қойын дәптері табылды. Одан өзге де айғақ заттар анықталды.



stan.kz