Заңгер Абзал Құспан: Мен сопылық ағымды 100 пайыз мойындаймын

0
472

Заңгер, қоғам белсендісі Абзал Құспан өзінің діни сенімі мен көзқарасы жайында айтты. Атышулы “Сопылар ісінде” адвокат болып, аты шыққан заңгер бұл істе тегін жұмыс істеген. Сопылық бағытты мойындап, көп істе көзі ашылғанын айтады.

Бұл туралы “Қасқа жол” бағдарламасында айтылды.

Абзал Құспан сопылар ісінде тегін қызмет етіп, заңгерлік қызмет атқарған. Бір кездері істі болып, кейіннен рақымшылықпен бостандыққа шыққан Саят Ыбырайды соңына дейін қорғаған.

Сопылар ісіне қатысты 9 адамға қылмыстық іс қозғалып, бірнеше адам түрмеге жабылды. Соның ішінде профессор Саят Ыбыраев түрмеге қамалып, рақымшылықпен босатылды. Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық алқасы 12 жылға сотталған ғалым, профессор Саят Ыбырайды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қарап, оны қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

“Мен Саят Ыбырайды бар жаныммен жақсы көремін. Оның ілім-білімін, кемелдігін, көркем мінездігін жақсы көрем. Ер адамның ер адамды жақсы көруі сирек қой. Сондықтан бұл істе тегін жұмыс істедім. Саят Ыбырайды басынан аяғына дейін қорғадым. Ол кісі түрмеде емес, төрде отыратын азамат еді. Сондықтан бостандыққа шыққанға дейін күрестім. Сол сопылар ісін қолға алғалы елге таныла бастадым. Көп нәрсеге көзім ашылды. Кейін Санжар Керімбай бастаған топ кітап шығарып, әрі қарай жұмысын жалғастырды. Мен де бірлесіп кітап шығаруға атсалыстым. Себебі бала күнімнен кітапты жақсы көремін.

Абай мен Шәкәрімді тыңдап өскенмін. Абай мен Шәкәрімді тыңдаған адам сопылық ілімде тез ұғады. Мен өзім қаржылай демеу болып, “Әлдиден эпосқа дейін” деген кітапты шығаруға мұрындық болдым. Бұл істе Бейсен Құранбек те қол ұшын созды. Алайда Санжар Керімбайлар кейін өздері бөлек кетті. Мені Саят Ыбырайға қарсы шығу үшін сол істе жүрді, өтірік қорғады дейтіндер бар шығар. Мені ҰҚК адамы дейтіндер де бар. Мен туралы небір өсек-аяң айтылады. Бірақ мен олардың ешқайсысына мән бермеймін”, – деді заңгер.

Абзал Құспан сопылық ағым, оның ішінде Ясауи жолын 100 пайыз мойындайды. Дінге берілмесе де, сопылар мен зікіршілердің әрекетін құптайды.

“Мен намаз оқымаймын, зікір де салмаймын. Алайда Құдайға сенетін, қорқатын адаммын. Зікір салмаймын, бірақ оған қарсылығым жоқ. Ол намаз секілді амалдардың бірі. Намаз да оқымаймын. Сопылық бағытты қолдаймын. Соның ішінде, Яссауи жолын 100 пайыз қолдаймын. Себебі, сопылықтың да өзі бірнешеге бөлінген. Мен сопы емеспін. Сопы болу оңай дүние емес. Сопы болу арманым. Оған жету керек.