Елбасының қауіпсіздік қызметіне жаңа басшы тағайындалды

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Бұл туралы KzNews Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бұрынғы Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметін атқарған Батырбек Байбосынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.