Зайсандағы шу: жергілікті тұрғындар шекарадан қытай азаматтарының кіріуіне қарсы митингіге шықты

0

20 ақпан күні әлеуметтік желіге Зайсан тұрғындарының шекараға жақын Айнабұлақ, Сарытерек ауылдарындағы уақытша оқшаулау пункттеріне және Зайсанға қытай азаматтарының кіруіне қарсы халықты үндеуге шақырған аудио және видеолары тарады.

«19 ақпанда осы ауданға қарасты Сарытерек және Айнабұлақ ауылында тұрғындар Майқапшағай шекара бекеті арқылы Қытайдан бері қарай өткен бір топ жолаушыны осы елдімекендерге әкеліп, карантинге жатқызуға қарсылық білдірген» деп хабарлады Азаттық.

Әкіммен кездескен тұрғындар шекара бекетін жабуды талап етті. Ал облыс әкімі Даниал Ахметов халықты сабырға шақырып, тұрғындардың шағымын тыңдады.

Онда жергілікті азаматтардың «Қытайдан короновируспен ауырған 9 азамат Зайсанда оқшауланды» деген дереккөзі белгісіз ақпарат негізінде жинала бастағаны айталады.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатқаны көрінеді.

19 ақпанда денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған елден қайтқан қазақстандықтардың 14 күндік карантиннен өтуі тиіс екенін, ереже бұзғандар жауапқа тартылады деп мәлімдеген.

Бұл ақпаратты Зайсан қаласы әкімінің аппараты растады. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл арада адамдар арасында түсініспеушілік орын алған. Шындығында, олар еліміздің бас санитарлық дәрігерінің бұйрығын бойынша әрекет еткен. Ал ол құжатта Қазақстан Республикасына коронавирус тіркелген шет мемлекеттерден келген азаматтар тұрақты медициналық бақылауда болатындығы айтылған. 14 күн бойы оларды дәрігерлер қарайды делінді.

(Мәліметтер толықтырылады)

 


Тегтер:Зайсан