«Студенттер үшін 12 сиыр ұстаймын»: директорлар Назарбаеваға шағымданды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Кәсіптік-техникалық колледждердің басшылары сенат төрағасы Дариға Назарбаевамен кездесіп, өз проблемаларын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстандық колледждерде салалық оқулықтар жоқ және заманауи құрал-жабдықтармен нашар жабдықталған. Еліміздегі аграрлық колледжердің басшылары сенат төрағасы Дариға Назарбаеваға шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Назарбаевамен кездесуде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің өкілдері білім беру үдерісін ұйымдастыруда кездесетін қиындықтар туралы айтты.

Атап айтқанда, колледждер қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен нашар жабдықталған және салалық оқулықтар жоқ.

Колледж басшылары, тіпті, көп жағдайда өз ақшасына мал сатып алып, студенттердің мал шаруашылығында тәжірибе жинауына жағдай жасайды екен, деп хабарлады жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.

«Ол үшін мен 12 сиыр ұстаймын», — деді директорлардың бірі.

Сонымен қатар, кездесуде колледждер санының көптігі де айтылды. Статистика бойынша, қазір елімізде 801 колледж бар, әйтсе де оның тек 17-сі ғана агроөнеркәсіп кешені мамандарын даярлайды.

«Оларды қысқартқан жөн. Аймақтағы салалық мамандануға байланысты ғана қалдыру керек. Егер аймақ экономикасы негізінен аграрлық сала әрі облыс ауыл шаруашылығына маманданған болса, онда мемлекеттік колледждер санын да соған ыңғайлау қажет», — деді Назарбаева білім министрлігінің өкілдеріне.

Сенат төрағасының айтуынша, егер колледждер көп болса, олардың санын қысқартып, ақшаны қалған колледждерге қайта бөліп, материалдық-техникалық жарақтандырудың бірыңғай жобаларын қалыптастыру керек.

Сонымен қатар, алдағы бір-екі жылда колледждерді оқуға қажетті барлық құралдармен қамтамасыз ету қажет.

Тағы оқыңыз: «Бақылау жоқ» — Назарбаева Нұр-Сұлтанда болған оқиға туралы айтты



sputniknews.kz