WhatsApp-та жаңа функция пайда болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал WhatsApp мессенджерінде жаңа мүмкіндік пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

WhatsApp
Басылымның мәліметтері бойынша, жаңа опция пайдаланушыларға күні бойынша чаттарда хабар іздеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мессенджерде іздеу функциясы бар, алайда бағдарлама қолданушыларына белгілі бір күні жіберген немесе алған хабарламаларды табу қиын.

Жаңа функция іске қосылғаннан кейін, пайдаланушылар оны жіберу немесе алу күнін таңдап, қажетті хабарды тез таба алады. Ол үшін, чат іздеу режимінде күнтізбе белгішесін басу керек.

Қазіргі уақытта функция альфа-тестілеу сатысында. Оның көпшілікке ұсынылатын күні әлі белгісіз. Ол iOS және Android құрылғыларында бір уақытта пайда болады деп болжанады, себебі мессенджер барлық платформалар үшін бірдей жаңартуларды ұсынады.

Сәуір айының соңында WhatsApp жаңа функция пайда болды. WhatsApp топтық дыбыстық және бейне қоңырауларға қатыса алатын қолданушылар санын екі есеге арттырды.

stan.kz