«Вести недели»: Навальный Германияда қымбат пәтерде тұрған
Ресей оппозиционері Алексей Навальный «Шарите» ауруханасынан шыққаннан кейін бір жарым ай тұрған Германияның Фрайбург қаласындағы пәтер туралы сюжет дайындаған «Вести недели» бағдарламасының журналистері өздерін бельгиялық туристер ретінде таныстырған.
Бұл туралы «Дождь» телеканалына аталған қонақ үйдің иесі айтты.
Оның сөзінше, «Россия 1» телеканалының тілшісі Анастасия Попова өзін Боурт деген француз фамилиясын айтып таныстырған.
Сюжетте Навальный вилланы екі айға жалға алғаны айтылған. Бірақ оның иесі пәтер алты жұмаға берілгенін жеткізді. Ол «Россия 1» телеканалындағы бұл сюжеттен кейін Германияның құқық қорғау органдарына шағымдануды шешкен.
«Вести недели» бағдарламасының 7 ақпандағы шығарылымында Навальный Германиядағы «Шарите» ауруханасынан шыққаннан кейін тұрған пәтері көрсетілген. Сюжет авторлары саясаткер өте қымбат пәтерде тұрғанын айтқан. Навальный тәулігіне 530 еуродан төлеген деген.
Сонымен бірге сюжетте Коррупцияға қарсы күрес қоры «Путиннің хан сарайы» туралы зерттеуді Германиядағы The Black Forest Studios студиясында жасағанын атап өткен. Тілшілер Навальный фильмді түсіру мен пәтер жалдауға 1 миллион еуро жұмсаған деп есептейді.