Американдық әйел телесериал көргеннен кейін дінін өзгертті

0
132

Түрік телехикаялары американдық әйелді исламды қабылдауына әкелді. АҚШ-ның Висконсин штатының тұрғыны ислам дінін қабылдауға түріктің тарихи сериалынан шабыт алды, деп хабарлайды Anadolu.

Сериал әйелді қатты таңдандырғаны соншалық, ол Осман мемлекетінің тарихы мен ислам дінінің негіздеріне қызығушылық таныта бастайды, бейбітшілік, әділеттілік, азап шеккендерге көмек сияқты ұғымдарды мұқият зерттейді. Біраз уақыттан кейін Висконсиннің тұрғыны 60 жасында исламды қабылдап, есімін Хадиша деп өзгертті.

«Мен телесериалды көре бастадым, маған бірінші бөлімнен бастап қатты әсер етті. Мен көріп отырған киноны зерттей бастадым. Ең жақын мешіт қайда деп сұрадым. Мешітке кіргенімде маған сенушілер қатты таң қалған сияқты көрінді. Сол күні, намаздан кейін мен исламды қабылдадым», – дейді Хадиша.

Ол бірінші мүмкіндікте Түркияға сапар шегуді жоспарлап отыр, ол Түркияның мұражайларды, тарихи орындарды және белгілі тұлғалардың кесенелерін аралайды. Исламды қабылдағаннан кейін оның өмірі әлдеқайда жақсарып, тынышталған.

«Менде бұрын мазасыздық проблемалары болған, бірақ мен енді дәрі ішпеймін. Күн сайын таңертең Аллаға жаңа күн үшін және денсаулығында қиындықтардың болмағаны үшін алғыс айтамын», – деді Хадиша.

PS. Осындай сападағы отандық телехикаялар мен фильмдер қашан түсірілсе екен деп армандаймын.

Керімсал Жұбатқанов