Вакцинадан кейін қайтыс болған кісі: Министрлік өкілі түсініктеме берді

0

Алматы облысында дәрігердің қайтыс болуына Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді. 

«Осы уақытқа дейін коронавирустық вакцинадан өлім тіркелген жоқ. Егер Алматы облысындағы әріптесімнің қайтыс болуы туралы айтатын болсақ, біз бұл ақпаратты тексердік. Бірінші кезекте мен қайтыс бол кісінің туыстарына және жақындарына денсаулық сақтау министрлігінің атынан көңіл айтамын.

Екіншіден, мен оның екпеден екі күн өткенде қайтыс болғанын, үйде құлап қалып қайтыс болғанын атап өткім келеді. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл фактіні әрі қарай тексеру үшін Алматыда үлкен комиссия құрылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі — жүректің ишемиялық ауруы. Одан әрі комиссия тексереді. Сондықтан, біз қазір бұл коронавирусқа қарсы вакцинация нәтижесінде өлім деп айта алмаймыз», — деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният ОКҚ брифингінде. 

WhatsApp мессенджеріндегі қазақстандықтар вакцинадан кейінгі өлім туралы болжам жасайтын видео таратты.

«Вакцинадан тағы бір адам қайтыс болды. Әйел No4 перзентханада жұмыс істейді. Кеше ол вакцинаны алды, бүгін таңертең қайтыс болды», — дейді видео авторы. 

Қазақстанда қыркүйек айына дейін 10 миллион адамға вакцина егуді аяқтау жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.