«Үздік әйел» атағын алып тұрмын»: Айсәуле Бақытбек күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық жасады
Танымал блогер, актриса Айсәуле Бақытбек күйеуі Әлішердің туған күніне ерекше сыйлық тарту етті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер жолдасына «Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Лука Модричтің қолтаңбасы бар жеңіл жейде мен картина сыйлаған.
“Менің күйеуім бала кезінен «Реал Мадрид» футбол клубының жанкүйері, сондықтан ол әлемдегі ең керемет күйеу болғаны үшін жақында оған сыйлық жасауға шешім қабылдадым. Қораптың ішінде не бар деп ойлайсыз?”, – оқырмандарын қызықтырып қойды.
Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырса да, ешкім дұрыс жауапты таба алмады. Айсәуле қораптың ішінен шыныға салынған картинаны шығарды.
“Модрич мырза – мекшікті қызметкер. «Үздік әйел 2024″ номинациясында мен жеңімпазбын. Жақсы көремін», – деп жазды блогер.
Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/
Еске салайық, блогер тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы жазбасы ел талқысына түскенін жазған едік.