Home Жаңалықтар Ұстаз жанайқайы: «Тұрсынбекті жақтағандар оқушылардың еңбегін жеп жүргендер»

Ұстаз жанайқайы: «Тұрсынбекті жақтағандар оқушылардың еңбегін жеп жүргендер»

0
20882

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың қызына байланысты іске қатысты пікір екі топқа жарылды. Бірі әзілкештің ісін заңға қайшы, жауапқа тарту керек десе, басқалары олардың кінәсі жоқ екенін айтып ақтайды.

Сәуле Сейдалина есімді ұстаз өз пікірін былайша жеткізді:

«Тұрсынбектің адамшылығында, өнерінде шаруам жоқ, ал мұғалім болғандықтан ҰБТ мәселесіне келгенде үн қоспай қала алмаймын.

ҰБТ – қаншама баланың, қаншама отбасының үміті, кейде тағдыры; оқушының соңғы 2-3 жылғы көзмайы; ұстаздардың үй-іші, бала-шағасын ысырып қоя тұрып, алдындағы шәкірті жетістікке жетсін деп дайындайтын әр жылғы теңдессіз еңбегі.

Бұл еңбекті келеді де бір көлденең көкатты иемденеді де кетеді екен, ия!? Жақтайтындар шығып жатыр екен, яғни ол адамдар жылдағы оқушыларымыздың еңбегін жеп жүргендер немесе соған атсалысып жүргендер деп есептеймін 💯. Ақшасы болса оған да берілген мүмкіндік жеткілікті қазір, сол жолмен оқысын. Ал адалдыққа, адал еңбектің нәтижесіне қол сұғуға жол жоқ, әділдік жеңсін!

Осы ретте Дидар Смагулов баламыз бен оның ісін жалғастырушыларға шексіз алғыс, бастаған әр істері сәтті болсын!» деп жазды ұстаз.