Ұсталған жастарды қолдау үшін Алматыдағы қалалық сот алдына бір топ азамат жиналды

0

Сәуірдің 22-сі күні Алматы қалалық соты алдына бір топ азамат жиналып, жексенбі күні сайлауға байланысты акция өткізіп, ұсталған жастарға қолдау білдірді. Жексенбі, 21 сәуірде «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыпталған екі белсендіні сот 15 күнге қамаған еді.

«Сот-процесінде заңбұзушылықтар болды. Хаттаманы толтырған полицей плакатта «Лидер нации — позор нации» деген сөз болған деп жазып жіберген. Судья сот кезінде плакатты көрсетуді бұйырды. Плакатты ашып қарасақ, ондай сөз жазылмаған болып шықты. Тек «шындықтан қашып құтыла алмайсың» деген жазуды көрдік. Сонда полицейлердің істі қолдан жасаған ба?» деді акцияға келушілердің бірі.

Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратып жатыр:

Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Ақпарат бойынша, олар жол жиегіне «От правды не убежишь. У меня есть выбор» (Шындықтан қаша алмайсың. Менде таңдау бар) деген жазуы бар баннерлерді іліп қойған. Полиция оларды ұстап, Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбаев «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып тағып, әкімшілік іс қозғады. Кейінірек Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты екі белсендіні 15 күнге қамады. Белсенділердің адвокаттары сот шешімін апелляцияға беретінін айтты.

Azattyq