Белгілі тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерей шоу-бизнеске бет бұрды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі Гүлнәз Әлімгерей шоу-бизнеске бет бұрып, қыз ұзатты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Гүлнәз бен Айнұр

Жеңгесі ретінде ән айтып, ұясынан ұшырғаны жайлы тележүргізуші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазып, ұзату тойдың видеосын жариялады.

Гүлназ Әлімгерей әншілік қабілеті болмаса да, қызды ақ ниет, адал жүрекпен бақыт тілеп ұзатқанын жеткізді.

«Ақеркешіміздің өтінішін орындап, әнмен ақ босағасына жеңгесі болып шығарып салдым. Қатты сөкпеңіздер. Мен әнші емеспін, өлең де жаңа емес. Ең бастысы — бір-бірімізге жақындығымыз, шын көңіліміз. Алла жақсы жолымды берсін, еркешімізге. Әй, видеоны өзім сияқты қатырып түсіре алмайды бұлар, тапқаным осы болды. Ұзату тойдағы керемет кадрлар сторизда бар», — деп жазды Гүлнәз Әлімгерей.

 


«Құрсын жұрттың бәрі қыз ұзатқыш болып кеткен бе? Айтыскер де, әнші , журналист те, әлшілер де. Әйтеуір бір күні шенеуніктер де осыған шығып кетпесін», — десті жұрт тележүргізушінің қыз ұзатқанын көріп.

 



stan.kz