Ұшақтың қай тұсына қатты зақым келгені белгілі болды

0

Шолушы Денис Кривошеевтің айтуынша, бизнес-класс зонасынан кейін отырған адамдардың көбі аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыдағы апат кезінде жарылыстың болмағаны ғажап, ұшақтың бизнес-класс орналасқан тұсына қатты зақым келген, дейді шолушы Денис Кривошеев. Қазіргі таңда ол жолаушылардың туыстары жиналған штабта жүр.

«Бір жақсысы, жарылыс болмады. Себебі, бактар отынға толы болғанын өздеріңіз де түсініп отырсыздар. Меніңше, бұл ұшқыштың үлкен еңбегі. Мамандардың мәліметінше, ұшақ әуеге көтеріле бастағанда ол ұшу жолағына бірнеше рет тиіп кеткен. Соған қарамастан пилот ұшақты тежемей, әуеге көтерілген. Ол неге тоқтаған жоқ немесе алға жүрген жоқ? Бұл тергеушілер алдында тұрған ең басты сұрақ», – деп мәлімдеді Кривошеев.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі – бизнес-класс зонасында болған жолаушылар.

«Ұшақтың ең көп зардап шеккен бөлігі алды болғандықтан бизнес-класс зонасынан кейін отырғандардың басым бөлігі аман қалған. Кадрлардан есік тұсынан бастап қатты зақым келгені көрініп тұр», – деп толықтырды ол.

Қазіргі таңда зардап шеккендер саны туралы ақпарат әртүрлі беріліп жатыр. Мәліметке сәйкес, бортта 93 жолаушы болған, олардың қатарында үш сәби, бес экипаж мүшесі бар. Соңғы дерекке сәйкес, ауруханаларға 66 адам жеткізіліп, 50 адам жатқызылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз