Үш өңірде тағы он адам коронавирус жұқтырды

0

Республиканың үш өңірінде он адам дертке шалдықты, осылайша науқастар саны 1480 адамға жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда індетке шалдыққан тағы он адам тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«17 сәуір 12:25-тегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 жағдай тіркелді. Түркістан облысы — 1, Ақтөбе облысы — 4, Нұр-Сұлтан қаласы – 5», — делінген хабарламада.

Осылайша республикада дертке шалдыққандар саны 1480 адамға жетті.

Олардың ішінде:

  • Алматы – 461,
  • Нұр-Сұлтан  – 333,
  • Қызылорда облысы – 143,
  • Қарағанды облысы – 87,
  • Ақмола облысы – 81,
  • Атырау облысы – 72,
  • Түркістан облысы – 56,
  • Жамбыл облысы – 53,
  • Шымкент  – 46,
  • Батыс Қазақстан облысы – 30,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29,
  • Алматы облысы – 29,
  • Ақтөбе облысы – 18,
  • Павлодар облысы – 15,
  • Маңғыстау облысы – 12,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8,
  • Қостанай облысы – 7.

285 адам емделіп шықты. 17 науқас қайтыс болды.



sputniknews.kz