үш облыста коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды 

0

Қазіргі уақытта елде барлығы 1470 адамда коронавирус анықталды. 285 адам жазылып шықты. Он жеті адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Үш облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 14 науқас анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан шұғыл штабға сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысында 3 жағдай тіркелді. Науқастардың біреуі — алты айлық бала. Қарағанды қаласында ата-анасы коронавирус жұқтырып, жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылған болатын. Ал бала провизорлық стационарда жатқан. Осы стационарда болған 41 қала тұрғынынан да коронавирус табылды. Үшінші науқас — 19 жастағы Теміртау тұрғыны. Ол да инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болды.

Павлодар облысында тағы 2 адам вирус жұқтырды. Бірінші науқас — 1949 жылы туған Екібастұз тұрғыны. Ер адам бес күн бойы ауырса да, медициналық көмекке жүгінген жоқ. Екіншісі — 1978 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны. Әйелдің айтуынша, шетелге шықпаған және коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болмаған,

Ал Қызылорда облысында COVID-19 вирусына шалдыққан тағы 9 науқас анықталды. Барлығы —  Жаңақорған ауданының тұрғындары. Үшеуі — 30-53 жас аралығындағы әйел болса, алтауы —  ер адам, олардың арасында ең үлкені 83 жаста.

Тағы оқыңыз: «Мұндайды ешқашан көрген емеспін»: медбике ауруханадағы жағдай туралы ашық айтты

«8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр», — делінген ресми хабарламада.

 



sputniknews.kz